АҚШ мұсылмандарының өкілі 181 жылдық заңға қарсы шықты
(last modified Mon, 07 Jan 2019 12:17:09 GMT )
Қаң 07, 2019 18:17 Asia/Almaty
  • АҚШ мұсылмандарының өкілі 181 жылдық заңға қарсы шықты

АҚШ мұсылмандарының әйел өкілі бас киім мен жамылғы пайдалануға тыйым салған 181 жылдық заңға қарсы шықты.

Time сайтының хабарлауы бойынша, АҚШ-тың Өкілдер палатасындағы Миннесота штатының демократ мұсылман өкілі Илхан Омар жамылғы тағуға тыйым салған заңға бір сөз қосып, өзгерткен жобасын ұсынды.

Осы мәлімет бойынша, 234 оң және 197 теріс дауыспен бекітілкен жобада «діни сипаттан тыс жамылғы» болмау сұралды.

Миннесота штатының демократ мұсылман өкілі бұл жоба бекітілгеннен кейін Twitter-дегі жеке парақшасында АҚШ Президенті Дональд Трамптың мұсылман елдерінен көшіп келуге тыйым салу заңының күшін жоюға бұйрық беретін күнін тосып жүргенін жазды.