Зариф: Иран Еуропаны күтіп отырмайды
Иран СІМ Теһранның Иран халқының мүдделерін қамтамасыз ету үшін өзінің дәстүрлі серіктестерімен кеңесетінін айтты.
Иран СІМ Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Үндістанның Тасымал министрі Нитин Гадкаримен кездесу барысында тілішілердің алдында Еуропаның Иранмен арадағы арнайы қаржы механизмі жайлы сауалға жауап беріп: "Теһран Еуропамен SPV арнайы қаржы механизміне қатысты ынтымақтастығын жалғастырады. Бірақ қол қусырып, Еуропаны да күтіп отырмайды. Еуропалықтар Иранның "Ортақ қадам" негізіндегі экономикалық мүдделерін пайдалануы үшін талпыныс жасағанымен біз күткендей табысты болған жоқ",- деді.
Ресми кездесулер өткізу үшін Үндістанға сапармен барған Иран СІМ Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Үндістанның Тасымал және кеме қатынасы министрі Нитин Гадкаримен кездесті.
Иран СІМ сонымен қатар бүгін таңертең ICWA институнда үндістандық танымал тұлғалар мен ойшылдардың алдында әлемдік және аймақтық оқиғалар жайлы сөз қозғап, шараға қатысқандардың сұрақтарына жауап берді.
ИИР СІМ жыл сайын өткізілетін халықаралық Raisina диалогына қатысу үшін дүйсенбі күні Үндістанның астанасы Нью-Делиге аттанған болатын.