Иран энергетикасы Үндістан экономикасын дамытуға ықпалдастық жасайды
(last modified Tue, 08 Jan 2019 11:40:05 GMT )
Қаң 08, 2019 17:40 Asia/Almaty
  • Иран энергетикасы Үндістан экономикасын дамытуға ықпалдастық жасайды

Иранның Сауда-өнеркәсіп, тау-кен және ауыл шаруашылық палатасының төрағасы Ғоламхосейн Шафеи: "Иранның энергетикалық секторы Үндістанның эконмикасын әлемдегі ең үздік экономикалардың біріне айналдыра алады",-деді.

Ғоламхосейн Шафеи сейсенбі күні Нью-Делиде Иран мен Үндістанның бірлескен бизнес форумында сөйлеген сөзінде жеке сектор белсенділерінің екі ел басшыларының жақын саяси байланыстарын пайдаланып, экономикалық қарым-қатынастарды нығайту арқылы екіжақты қатынастарды арттыра түсетінін айтты.

Иран Сауда палатасының төрағасы Үндістанға импортталатын ирандық өнімдерге, әсіресе ауыл шаруашылық өнімдеріне қатысты кедендік кедергілердің ирандық өндірушілер мен экспорттаушылар үшін Үндістан нарығында үлкен бөгет жасағанын, алайда Үндістанның шәй, күріш секілді өнімдерінің Иранға тарифсіз импортталып жатқанын айтты.

Шафеи екі ел басшыларының рупия негізіндегі қаржы механизміне қатысты келісімге сәйкес екі елдің банктік байланыстары кеңейіп, ирандық тауарларды Үндістанға экспорттау жолындағы кедергілердің жойылатынына үміт білдірді.