Иран Теңіз күштері аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады
(last modified Tue, 08 Jan 2019 13:17:53 GMT )
Қаң 08, 2019 19:17 Asia/Almaty
  • Иран Теңіз күштері аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады

Пәкістан Теңіз флотилиясының қолбасшысы Мұхаммад Салим Үнді мұхитында аймақ елдерінің қатысуымен теңіз партульдері жүргізілетінін, аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған патрульдерде ИИР-ның маңызды рөл атқаратынын айтты.

Мұхаммад Салим сөзін жалғап: "Теңіз патрульдері аймақ пен Үнді мұхитындағы байланыс жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.

Пәкістан үкіметі аймақта қауіпсіздік деңгейін арттыруға кәміл сенеді. Осы мақсатта Пәкістан Теңіз күштері теңіз қарақшыларымен күресу үшін Үнді мұхитында жүзіп жүреді",- деді.

Пәкістан теңіз флотының қолбасшысы сондай-ақ, Пәкістан мен Иран қарым-қатынастарының тамыры тереңге бойлағанына тоқталып, өткен бірнеше жылда екі ел күштерінің Иранның Бандар-Аббас айлағы мен Пәкістанның Карачи айлағына келіп қайтқанын айтты.

Пәкістанның бейбітшілік пен достық флоты жексенбі күні ИИР Теңіз күштерінің Бандар-Аббас айлағындағы "Бірінші имамат" аймағын айлақтады.