Помпео: Иранның әуе-ғарыш бағдарламасы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзады
(last modified Sun, 13 Jan 2019 07:00:42 GMT )
Қаң 13, 2019 13:00 Asia/Almaty
  • Помпео: Иранның әуе-ғарыш бағдарламасы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзады

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Помпео сенбі күні БАӘ-де ИИР-ға қарсы жалған айыптарын тағы қайталады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Майк Помпео The Washington Free Beacon ақпарат сайтына берген сұхбатында Иранның ғарышқа жерсерік ұшыруының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзатыны туралы негізсіз уәждерін қайталап: «Иранның ғарышқа жерсерік ұшыру туралы бағдарламасы – шын мәнінде ядролық оқтұмсықтарды тасымалдауға қабілетті дамыған зымырандарын сынауды жалғастыру үшін жасалып отырған бүркеме әрекет»,-деді.

Дамыған технологияларды өз монополиясында ұстауды көздейтін АҚШ пен оның кейбір одақтастары «Иранның ғарышқа жерсерік ұшыруы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қайшы» деген уәж айтып келеді.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф 3 қаңтарда Помпеодан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын түсінбегеннен басқа ештеңе күтілмейтінін айтып: «Бұл бағдарламамен таныс адамдар Иранның жерсерік таситын зымыран ұшыруы мен зымырандарды сынақтан өткізуінің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзбайтынын біледі»,-деген болатын.