АҚШ-та Пресс ТВ-дің тележүргізушісі тұтқындалды
(last modified Wed, 16 Jan 2019 09:24:42 GMT )
Қаң 16, 2019 15:24 Asia/Almaty
  • АҚШ-та Пресс ТВ-дің тележүргізушісі тұтқындалды

Пресс ТВ арнасы Америкада еш айып тағылмастан өз тележүргізушісінің тұтқындалғанын хабарлады.

Пресс ТВ телеарнасының мәліметі бойынша, бұл арнаның дикторы Марзия Һашеми жексенбіден бері Вашингтонда абақтыда қолайсыз жағдайда тұтқында жатыр. Мәліметтерге сәйкес, америкалық полиция мұсылман әйелді тұтқындаған соң, үстіндегі хиджабын шешкізіп, алып қойған. Оның орнына берген киімі толық хиджабқа сай емес көрінеді. Марзия Һашеми отбасымен бір рет қана хабарласып, абақты қараушыларының аяқ-қолын шынжырмен байлап, шошқаның етінен жасалған тамақ бергенін, бірақ ол тамақты жемегенін айтқан.

АҚШ полициясы мен сот органдарының басшылары Марзия Һашеми қамауға алынғаннан үш күн өткеннен кейін де оған айып тақпаған және оның не үшін қамауға алынғанын да түсіндірмеген.