Помпео: Иранның ғарыш бағдарламасы Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қайшы
АҚШ Мемлекеттік хатшысы сейсенбі күні ИИР-ның ғарыш және зымырандық бағдарламаларына қарсы негізсіз уәждерін қайталады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Майк Помпео Твиттердегі парақшасында «ИИР-ның ғарышқа жерсерігін ұшыруы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қайшы» деген уәжін қайталап: "Иран Еуропа мен Таяу Шығыс үшін қоқан-лоққы саналатын өзінің зымырандық мүмкіндіктерін арттырғысы келеді",- деп жазды.
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков сейсенбі күні АҚШ пен Батыс мемлекеттерінің Иранның ғарыш және зымырандық бағдарламасына қатысты ұстанымдарын сынап: "Иран ғарыш және зымырандық сынақтарын өткізуі арқылы халықаралық заңдарды немесе қол қойған келісімдерде тыйым салынған ешбір әрекетті іске асырған жоқ",- деді.