3000 белсенді Польшадағы Иранға қарсы отырысқа бойкот жариялауды сұрады
(last modified Thu, 17 Jan 2019 15:26:43 GMT )
Қаң 17, 2019 21:26 Asia/Almaty
  •  3000 белсенді Польшадағы Иранға қарсы отырысқа бойкот жариялауды сұрады

АҚШ пен басқа да мемлекеттердегі соғысқа қарсы 3000 белсенді хат жазып, Еуропа елдерінен Польшадағы Иранға қарсы конференцияға бойкот жариялауды сұрады.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Польшадағы Иранға қарсы конференцияға 70-тен астам мемлекеттің қатысатыны туралы уәжінен кейін АҚШ пен басқа де елдердегі соғысқа қарсы белсенділер CODEPINK атты соғысқа қарсы мемлекеттік емес ұйымының сайтында хат жариялап, Еуропа елдерінен Помпеоның Иранға қарсы соғысына қосылмауды сұрады.

Хатқа 3000-ға жуық адам қол қойып, "Бейбітшілік Иранмен бірге" деген ұранмен Еуропа елдерінен АҚШ-тың ақпанның 13-14 күндері Польшада Иранға қарсы ұйымдастырып жатқан отырысқа бойкот жариялауды сұрады.

Хатта конференцияның мақсаты Иранмен қажетсіз қақтығыс үшін негіз әзірлеу екені, Иранмен күресудің орнына АҚШ-қа "Ортақ қадам" ядролық келісіміне қайта оралуы қысым жасап, Иранға қарсы бүлдіргі санкцияларының күшін жою қажеттігі жазылған.

Хатта сондай-ақ: "Трамп "Ортақ қадамнан" шығу арқылы Иранға қарсы дұшпандық әрекеттерін күшейтіп, аймақта тұрақсыздықты арттырды. Енді Таяу Шығыс аймағында тағы бір апатты шайқасты бастауды қалайтынын айтып, қоқан-лоққы жасап отыр",- деп жазылған.

Хатқа АҚШ-тың әлеуметтік, академиялық және саяси салаларының атақты қайраткерлері қол қойған. Олар Еуропа одағынан Польшадағы Иранға қарсы конференцияға бойкот жариялап, орның орнына барлық аймақ елдерінің, соның ішінде Иранның қатысуымен Таяу Шығыс мәселелеріне қатысты басқа отырыс ұйымдастыруды сұрады.