Трамптың әскерилерін Сириядан шығару шешіміне қатысты сын артты
(last modified Sat, 19 Jan 2019 08:34:05 GMT )
Қаң 19, 2019 14:34 Asia/Almaty
  • Трамптың әскерилерін Сириядан шығару шешіміне қатысты сын артты

АҚШ президенті Дональд Трамптың әскерилерін Сирия территориясынан шығару туралы шешіміне америкалық басшылардың білдірген қарама-қайшы ұстанымдары мен сөздері олардың бұл мәселені, тіпті оны қалай жүзеге асыруды жете түсінбегенін көрсетеді.

Трамптың шешімі әуел бастан тосын әрі шиеленісті жағдай орнатты. Әсіресе әскерилерді Сириядан шығару туралы бағдарлама анық болмағандықтан оның мерзімі де белгіленбеген еді.

Төрт америкалық әскери қайтыс болған жуырдағы Сирияның солтүстігіндегі Алеппо облысының Манбидж қаласында болған жарылыстан кейін АҚШ президентінің әскерилерді Сирия жерінен шығару туралы шешіміне қатысты сын арта түсті.  Жарылыстың жауапкершілігін ДАИШ лаңкестік тобы мойнына алды. Жуырдағы шабуыл ДАИШ-тың Трамптың уәждеріне қарамастан күрдтер үстемдік орнатқан аймақтарда әлі де белсенділік танытып, лаңкестік амалдарды жүзеге асыруға қабілетті екенін көрсетеді.

АҚШ президенті америкалық әскерилерді Сирия территориясынан шығару туралы сөздерінде бұл шешімнің себебін ДАИШ-тың Сирияда жеңіліске ұшырауы деп атаған болатын. Трамп Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында: "Біз Сирияда ДАИШ-ты жеңіліске ұшыраттық. Бұл біздің сол жердегі белсенділігіміздің жалғыз себебі болған. Енді ДАИШ-қа қарсы шайқастағы тарихи жеңістерден кейін өз әскерімізді Сириядан елге қайтаратын уақыт келіп жетті",- деп жазды.

Қазір ДАИШ-тың операциялары мен америкалық әскерилердің өлтірілуі Трамп уәжінің жалған болғанын көрсетіп отыр. Дәл осы мәселе түрлі сынның, әсіресе америкалық әскерилер Сириядан шығарылғаннан кейін ДАИШ күрдтер үстемдік орнатқан аймақтарда қайтадан күшейеді деген ескертудің артуына себеп болды.

Америкалық басшылар, әсіресе Конгресс мүшелері ең басынан Трамптың әскерилерді Сирия жерінен шығару туралы шешіміне қатысты көп сын айтты. Төрт америкалық әскеридің қаза болуына себеп болған жуырдағы Сирияның Манбидж қаласындағы жарылыспен бір мезгілде осы шешімге қатысты сын одан бетер арта түсті.

Республикашыл сенатор Линдси Грэмның пікірі бойынша Манбиджге жасалған шабуыл – ДАИШ-тың басынуына себеп болған Трамп шешімінің салдары. Грем АҚШ президентінен шешімін қайта қарастыруды сұрады. Келесі республикашыл сенатор Майк Макколл да осындай позиция ұстанып, Трамптан қатаң шара қолданып, ДАИШ-ты толығымен жеңгеннен кейін ғана әскерилерін Сирия жерінен шығаруды сұрады.

Осындай сын пікірлерге қарамастан, Ақ үйдің басшылары Трамптың америкалық әскерилерді Сирия жерінен шығару туралы шешімінің мүлдем өзгермегенін мәлімдеді. Сонымен қатар Трамптың өз ұстанымына табандылық танытуына қарамастан, Сириядағы АҚШ әскерилерінің орнын алмастыратындар жайлы қауесет көбейді.

Жалпы алғанда құрамында Конгрестің республикашыл басшылары да бар АҚШ-тың билік құрылымы Трамптың шешіміне қарсы болып, әскери күштердің Сириядан шығарылуын АҚШ-тың аймақтық міндеттемелері мен мүдделеріне қайшы санайтынын көрсетті.