Ирандықтар Press TV-дің тележүргізушісін қорғап, Теһрандағы Швейцария елшілігінің алдына жиналды
(last modified Sun, 20 Jan 2019 13:14:29 GMT )
Қаң 20, 2019 19:14 Asia/Almaty

Иран студенттері мен халықтың әртүрлі таптары мен әйелдер АҚШ-та Press TV-дің тележүргізушісі, тілшісінің заңсыз тұтқындалуына наразылық білдіріп, Теһрандағы Швейцарияның елшілігінің алдына жиналып, АҚШ үкіметінің әрекетін айыптады.

Марзия Һашемидің тұтқындалуына наразылар  жексенбі күні Ирандағы АҚШ-тың мүддесін қорғайтын Швейцария елшілігінің алдына жиналып, Америкада тұтқындалған Press  TV-дің тележүргізушісін азат ету қажеттігін қуаттады.

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі ақпарат құралдарының иелері Марзия Һашемидің тұтқындалуына наразылық білдіріп, оны ешбір шартсыз азат етуді талап етті.

Тегі америкалық Press TV-дің тележүргізушісі, тілші, деректі фильм түсіруші әрі диктор Марзия Һашеми қаңтардың 13 күні еш дәлелсіз Американың Сен-Луис әуежайында тұтқындалып, Вашингтонның федералды полициясы абақтыларының біріне жеткізілді. Марзия Һашеми отбасын көру үшін АҚШ-қа сапар шеккен болатын. Вашингтонның Соты жұма күні оны еш айыпсыз, тек бір сот ісіндегі басты куәгер ретінде ғана тұтқындағанын растады.