Барлық тәуелсіз ақпарат құралдары Марзия Һашемиді жан-жақты қолдауы керек
(last modified Mon, 21 Jan 2019 16:00:35 GMT )
Қаң 21, 2019 22:00 Asia/Almaty
  • Барлық тәуелсіз ақпарат құралдары Марзия Һашемиді жан-жақты қолдауы керек

«Россия сегодня" ақпарат агенттігінің директоры Дмитрий Киселев барлық тәуелсіз ақпарат құралдарын Press TV-дің тұтқынға алынған тілшісін қолдауға шақырды.

«Россия сегодня» ақпарат агенттігінің директоры  Дмитрий Киселев дүйсенбі күні Мәскеуде IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Press TV арнасының тілшісі Марзия Һашемидің тұтқынға алынғанына тоқталып, тұтқынға алуды АҚШ үкіметінің кәнігі саясаты деп атады.

«Россия сегодня»  ақпарат агенттігінің басшысы сөзінің жалғасында: "АҚШ басшылары әрдайым қарапайым халықтан кек алады. Бұл жолы осы жағдай Press TV арнасының тілшісі Марзия Һашемидің басынан өтіп жатыр",-деді.

Press TV телеарнасының тілшісі, деректі фильм түсіруші, диктор Марзия Һашеми (бұрынғы аты – Мелани Франклин) ешқандай дәлел мен айыпсыз АҚШ-тың Сент-Луис әуежайында қамауға алынды.

Марзия Һашеми жанұясымен телефон арқылы сөйлескенде қамауға алынған сәтте қолына кісен салғанын айтты.

Марзия Һашемидің айтуынша, АҚШ-тың қауіпсіздік қызметкерлері оның халал тамақ жеуіне тыйым салған.