Ресейде ДАИШ-ке қарасты бір топ жойылды
(last modified Mon, 21 Jan 2019 16:08:34 GMT )
Қаң 21, 2019 22:08 Asia/Almaty
  • Ресейде ДАИШ-ке қарасты бір топ жойылды

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік ұйымы осы елдің оңтүстігінде ДАИШ лаңкестік тобына қарасты бір топтың жойылғанын хабарлады.

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік ұйымы ДАИШ лаңкестерін қаржымен қамтамасыз етумен айналысқан бұл топтың үш мүшесі тұтқындалғанын хабарлады.

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік ұйымының хабарлауы бойынша, бұл адамдар Краснодар облысы мен Дағыстан және Адыгей автономды республикаларында ДАИШ лаңкестері үшін ақша жинаумен айналысқан. Қауіпсіздік қызметкерлері лаңкестерді демейтін осы топтың жасырынған жерін тінту барысында Сириядағы ДАИШ лаңкестік тобына 110 млн-нан астам рубль (150 мың доллар) жіберілгенін көрсететін құжаттар тапқан.

Соңғы жылдары Ресейдің әртүрлі өңірінде ондаған лаңкес "ДАИШ лаңкестік тобына мүше болды немесе онымен әріптестік жасады" деген айыппен қамауға алынды.  

Ресей 2015 жылдың қыркүйек айында Сириядағы лаңкестермен күреске көмектесу үшін әскери араласушылықты бастағаннан бері Ресейдің кейбір өңірлерінде лаңкестік қимылдар артты. Бұл мәселе Мәскеу басшыларын лаңкестер және оларды демеушілермен күресу үшін қауіпсіздік шараларын аттыруға мәжбүрлеп отыр.