Иран Ауғанстандағы Герат өнеркәсіптік қалашығын дамытуға әзірлік танытты
https://itolqyn.com/news/world-i40974-Иран_Ауғанстандағы_Герат_өнеркәсіптік_қалашығын_дамытуға_әзірлік_танытты
Иранның Гераттағы бас консулы ИИР-ның Герат өнеркәсіптік қалашығының екінші фазасында Ауғанстанға өз технологиясын ұсынып, тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 22, 2019 19:33 Asia/Almaty
  • Иран Ауғанстандағы Герат өнеркәсіптік қалашығын дамытуға әзірлік танытты

Иранның Гераттағы бас консулы ИИР-ның Герат өнеркәсіптік қалашығының екінші фазасында Ауғанстанға өз технологиясын ұсынып, тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін мәлімдеді.

Иранның Гераттағы бас консулы Махмұд Афхами Рашиди Ауғанстанның Герат облысы Өнеркәсіп және тау-кен бөлімінің басшысы Хамидолла Хадеммен кездесуінде Иранның Ауғанстанның өнеркәсіп секторына қолдау көрсетіп отырғанын айтып: «Өнеркәсіпке жасалған кез келген инвестиция жұмыс орындарын арттырып, азамттардың Ауғанстаннан басқа елге көшу үдерісін бәсеңдетіп, қауіпсіздікті нығайтатын болады.

Ауғанстан экономикасының дамуы мен өркендеуі Иранның қауіпсіздігі мен дамуы дегенді білдіреді",- деп баса айтты.

Ауғанстанның Герат облысы Өнеркәсіп және тау-кен бөлімінің басшысы Хамидолла Хадем да Иранға Герат өнеркәсіптік қалашығын салуда көрсеткен көмектері үшін алғыс білдіріп, Ираннан осы қалашықты қажет электр қуаты және шикізатпен қамтамасыз етуді сұрады.