Ресей Варшавада Иранға қарсы өтетін отырысқа қатыспайтынын ресми жариялады
Ресей Сыртқы істер министрі Мәскеудің Варшавада Иранға қарсы өтетін отырысқа қатыспайтынын мәлімдеді.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ресей Сыртқы істер министрлігі сейсенбі күні мәлімдеме жариялап: «Ақпанның 13-14 күндері Варшава өтетін отырыстың мақсаты – «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы деп аталған ядролық мәселе туралы келісімге соққы беру. Негізінде, аталмыш келісімді Қауіпсіздік кеңесі растаған. Иран Ресей, Қытай мен Еуроодақтың үш мемлекеті оны сақтап қалғысы келеді»,- деді. Ресей Сыртқы істер министрлігі бұл мәлімдемеде Мәскеудің аталмыш отырысқы қатыспайтынын қуаттап: «Варшава отырысының келесі мақсаты– әлемдік қауымдастықтың Таяу Шығыс аймағында бейбітшілк пен тұрақтылық орнату талпыныстарына нұқсан келтіру. Бұл конференция Таяу Шығыстың Палестина мәселесі секілді маңызды тақырыптарын қарастырмайды»,- деді.