Теһран мен Мәскеу ғылым және технология тақырыбында кеңесті
https://itolqyn.com/news/world-i40989-Теһран_мен_Мәскеу_ғылым_және_технология_тақырыбында_кеңесті
Мәскеудегі Иран елшісі мен Ресей Президентінің ғылым мен технология істері жөніндегі арнайы көмекшісі екіжақты ынтымақтастықтарды арттыру жолдарын талқылады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 23, 2019 22:01 Asia/Almaty
  • Теһран мен Мәскеу ғылым және технология тақырыбында кеңесті

Мәскеудегі Иран елшісі мен Ресей Президентінің ғылым мен технология істері жөніндегі арнайы көмекшісі екіжақты ынтымақтастықтарды арттыру жолдарын талқылады.

Мәскеудегі Иран елшісі Меһди Санаи мен Ресей Президентінің ғылым және технология істері жөніндегі көмекшісі Андрей Фурсенко кездесуде технология, университет, білім мен ғылым салаларындағы екі елдің ынтымақтастықтарына шолу жасап, ынтымақтастықтарды арттыру қажеттігін қуаттады. Иран мен Ресейдің технология және ынтымақтастықтар саласындағы жұмыстарының перпективасы туралы пікір алмасу Санаи мен Фурсенко кеңестерінің келесі тақырыбы болды. Фурсенко кездесуде Иран мен Ресейдің ғылыми және оқу орталықтары арасындағы ынтымақтастықтарды екі елдің білім, өндіріс және экономика салаларындағы қарым-қатынастарының факторы деп атады.