Қазақстан ОПЕК-тің бақылаушы комитетінің мүшесі болды
https://itolqyn.com/news/world-i40996
Қазақстанның Энергетика министрі елінің ОПЕК-тегі бақылаушы комитеттің мүшесі болуға келіскенін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 24, 2019 13:28 Asia/Almaty
  • Қазақстан ОПЕК-тің бақылаушы комитетінің мүшесі болды

Қазақстанның Энергетика министрі елінің ОПЕК-тегі бақылаушы комитеттің мүшесі болуға келіскенін хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстанның комитетке мүше болуға шақырылғаны, елінің оң жауап бергенін мәлімдеді.  

Ол Қазақстанның ОПЕК-тегі бақылаушы комитеттің мүшесі болуға шақырылуының Астананың әлемдегі мұнай-газ нарықтарында беделінің арта түскенін көрсететінін, Қазақстанның биыл 89 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отырғанын, бұл көрсеткіштің өткен жылы 90,3 млн тонна болғанын айтты.

ОПЕК – мұнай өндіруші елдердің ұйымы. Оған мүше 14 ел әлемдегі бүкіл мұнай қорының шамамен үштен екісін иеленіп отыр.