Санаи Иран мен Ресей байланыстарын теңдессіз деп атады
Ресейдегі Иран елшісі Меһди Санаи Теһран мен Мәскеудің соңғы жылдардағы саяси-қауіпсіздік саласындағы байланыстарын теңдессіз деп атады.
Меһди Санаи Мәскеуде Ресейдің IRAS зерттеу институты ғылыми кеңесінің мүшелерімен кездесуінде ИИР-ның Ресеймен саяси, экономикалық және мәдени салалардағы байланыстарының қазіргі жағдайына тоқталып, екі ел байланыстарының екіжақты өзара қажеттіліктері мен аймақтық жағдайларға байланысты өзгеріске ұшырағанын айтты.
Иранның Ресейдегі елшісі "Ортақ қадам" келісімі жүзеге асырыла бастаған кезден бері екіжақты экономикалық қатынастардың бірнеше есе артқанын, Иранның Ресейдегі мәдени саладағы белсенділігінің де ерекше болғанын атап айтты.
Санаи сондай-ақ, Иран мен Ресейдің халықаралық өзгерістер мен аймақтық ортақ мүдделерге, әсіресе Таяу Шығыс аймағындағы оқиғаларға қолданған ортақ әдіс-тәсілдері мен болашақ жоспарларын Иран мен Ресей саяси қарым-қатынастары дамуының ең маңызды факторлары деп бағалады.