Иран мен Ресей экономикалық ынтымақтастықтарын арттыруға талпыныс жасауда
(last modified Thu, 24 Jan 2019 14:20:05 GMT )
Қаң 24, 2019 20:20 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей экономикалық ынтымақтастықтарын арттыруға талпыныс жасауда

Ресей СІМ-нің Еуразиялық интеграция және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Александр Панкин мен Иранның Мәскеудегі елшісі Меһди Санаи кездесіп, екі ел қарым-қатынастарындағы соңғы өзгерістер мен екіжақты экономикалық ынтымақтастықтарды арттыру жайлы сұхбаттасты.

Ресей Сыртқы істер министрінің экономикалық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Александр Панкин бейсенбі күні Иранның Мәскеудегі елшісі Меһди Санаимен кездесуінде Теһран мен Мәскеудің сауда-экономикалық мүмкіндіктері мен әлеуеттерін өте жоғары деп бағалап, қажет құрылымдарды құру арқылы екіжақты ынтымақтастықтарды бұрынғыдан бетер дамытуға негіз туындайтынын мәлімдеді.

Ресей СІМ-нің экономикалық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары мен Иранның Ресейдегі елшісі Иран мен Ресейдің аймақтық ынтымақтастықтары мен екі ел арасындағы ынтымақтастықтардың басқа да аспектілер туралы пікір алмасты.

Ресей Кеден қызметінің мәліметтеріне сәйкес, 2018 жылдың алғашқы жарты жылдығында Иран мен Ресей арасындағы сауда айналымы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28,3 пайызға артып, екі ел арасындағы сауда айналымының көрсеткіші 945 миллион 181 000 долларға жеткен.