АҚШ Варшава отырысының негізгі тақырыптарын жариялады
АҚШ Мемлекеттік департаменті өзінің бұрынғы позициясынан кері шегініп, Иранды атамастан Польшадағы отырыстың негізгі тақырыптарын жариялады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялап, аймақтық дағдарыстар мен оның аймақтағы бейбіт тұрғындарға әсері, зымырандық тұрғыдан даму және ядролық қаруды таратуға тыйым салу, киберлік қауіпсіздік, энергетика саласындағы жаңадан пайда болған қауіп-қатерлер, әсірешілдікпен күрес мәселелерін қамтитын "Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен қауіпсіздіктің келешегі" деген тақырыпта Польша отырысының өткізілетінін мәлімдеді.
Бұл Помпео мұның алдында Иранды «аймақта тұрақсыздық тудырушы ел» деп атау арқылы Польша астанасында өтетін "Варшава" отырысының басты тақырыбы Иранның аймақтағы әрекеттері болатынын мәлімдеген жағдайда орын алды.
"Варшава" отырысын ақпанның 13-14 күндері өткізу жоспарланып отыр.