Иран – әлемдегі болат өндіруші оныншы ел
Халықаралық болат ұйымы Иранның Италия, Тайвань мен Украинадан озып, 2018 жылы әлемдегі ең ірі оныншы болат өндірушіге айналғанын хабарлады.
Халықаралық болат ұйымы сенбі күні жариялаған жаңа есебінде 2018 жылы әлемде өндірілген болат көлемін 1808 млн тонна деп хабарлады. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 4,6 пайызға өскен. Осы есеп бойынша, Иранның болат өнеркәсібі 2018 жылы АҚШ-тың санкцияларына қарамастан, жақсы көрсеткіштерге жетіп, әлемдегі ең ірі болат өндірушілер арасында Италия, Тайвань мен Украинаны артта қалдырып, оныншы орынға шықты.
2018 жылы Иранда болат өндірісінің көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 17,7 пайызға артып, 25 млн тоннаға жетті. Иран 2017 жылы 21,2 млн тонна болат өндірісімен әлемде он үшінші болат өндіруші ел болған.