Армения Ресейдің Әзірбайжан республикасына қару сату жөніндегі шешіміне наразылық танытты
(last modified Sun, 10 Apr 2016 15:44:58 GMT )
Сәу 10, 2016 21:44 Asia/Almaty
  • Армения Ресейдің Әзірбайжан республикасына қару сату жөніндегі шешіміне наразылық танытты

Армения Ресейдің Әзірбайжан республикасына қару сату жөніндегі шешімін дұрыс емес деп атады.

«Модератор» интернет торабының мәліметі бойынша Арменияның үкімет басшысы Овик Абраамян сенбі күні тілшілерге берген сұхбатында: «Ресейдің Әзірбайжан республикасына қару сату жөніндегі шешімі қате. Ереван бұл жөнінде Мәскеуге наразылық білдірді» деді.

Армения үкімет басшысының наразылық білдіруінен кейін Ресейдің үкімет басшысы Дмитрий Медведев әскери күштері Қарабақ автономиялы аймағында бір- бірімен соғысып жатқан Әзірбайжан республикасы мен Арменияға бір мезгілде елінің қару сату саясатын қорғап: «Егер біз оларға қару сатпасақ, олар өзге елдерден қару сатып алады. Олардың осы әрекеттерінен жан шығынының саны өзгермегенімен Солтүстік Кавказ аймағындағы күштердің тепе- теңдігін біршама жоя алады» деді.

Ресейдің Әзірбайжан республикасына қару сатуы Мәскеудің одақтасы болып табылатын Арменияда көптеген адамдардың ашуын тудырып отыр. Арменияда Ресейдің бір әскери базасы бар. Армения Ресеймен экономикалық және қауіпсіздік тұрғыдан жақын байланысқа ие. Дегенмен Армения мен Әзірбайжан республикасына бір мезгілде қарудың сатылуы Ресейдің осы стратегиялық аймақта өз ықпалын кеңейтуді қалайтынын көрсетеді. Бұл аймақ Каспий теңізінің энергия қорын Батысқа жеткізу үшін маңызды бағыт саналады.