Астана Қазақстан темір жолын Чабаһармен қосуға талпыныс жасап жатыр
https://itolqyn.com/news/world-i41088-Астана_Қазақстан_темір_жолын_Чабаһармен_қосуға_талпыныс_жасап_жатыр
Үндістандағы Қазақстанның елшісі Болат Сәрсенбаев Астананың Қазақстан темір жолын Иранның оңтүстік-шығысындағы Чабаһарға қосатын жоба дайындап жатқанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 30, 2019 14:48 Asia/Almaty
  • Астана Қазақстан темір жолын Чабаһармен қосуға талпыныс жасап жатыр

Үндістандағы Қазақстанның елшісі Болат Сәрсенбаев Астананың Қазақстан темір жолын Иранның оңтүстік-шығысындағы Чабаһарға қосатын жоба дайындап жатқанын хабарлады.

Болат Сәрсенбаев Делиде шығатын "Financial Times" газетіне берген сұхбатында аймақтағы экономикалық дәліздерді бір-біріне қосу саласындағы Чабаһар портының маңызын қуаттап, Қазақстанның өз темір жолын осы портқа жеткізуді көздеп отырғанын мәлімдеп: "Иран, Үндістан, Қазақстан мен Ресей темір жолды Чабаһарға жеткізіп, сол арқылы тауар тасымалдау үшін коалиция құрады. Ауғанстанды Орталық Азия елдерімен байланыстыру – коалицияның мақсаттарының бірі. 2015-ші жылы аймақтың сауда айналымының мөлшерін арттыру үшін Иран-Түркіменстан-Қазақстан темір жолы іске қосылды",- деді.