Трамп: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – ақымақ келісім
АҚШ Президенті бейсенбі күні кешке осы ел барлау органдарының Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына беріктігі туралы қорытындысына қарсылық білдіріп: «Бұл бағдарлама ақымақ келісім болды»,-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп ИИР-ға қарсы әрдайымғы әсіре сөйлеуін жалғастырып, Иранды үлкен қауіп деп атап, өзінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығу арқылы үлкен іс атқарғанын айтты.
АҚШ Президенті Дональд Трамп бұдан бұрын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын «кемшілігі көп келісім» және «үлкен өтірік» деп атаған болатын.
Трамп бейсенбі күні кешке, сондай-ақ, осы ел Теңіз күштері әскерилерінің Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының Теңіз күштері тарапынан Парсы шығанағында қамауға алынғанына тоқталып: «Иран бұл әрекетімен АҚШ-тың абыройын төкті»,-деді.
АҚШ-тың екі әскери кемесі 2016 жылдың 12 қаңтарында Парсы шығанағындағы Иран территориясына заңсыз кірген кезде Ислам революциясы Сақшылар корпусының Теңіз күштері тарапынан тоқтатылып, 10 адамнан тұратын экипаж мүшелері тұтқындалып, қауіпсіз жерге тасымалданған болатын.