Иран, Ресей және Түркия президенттерінің саммиті өтеді
https://itolqyn.com/news/world-i41151-Иран_Ресей_және_Түркия_президенттерінің_саммиті_өтеді
Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Иран, Ресей және Түркия президенттері саммитінің Сочиде 14 ақпанда өтетінін хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 04, 2019 17:22 Asia/Almaty
  • Иран, Ресей және Түркия президенттерінің саммиті өтеді

Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Иран, Ресей және Түркия президенттері саммитінің Сочиде 14 ақпанда өтетінін хабарлады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Дмитрий Песков Ресей, Иран және Түркия президенттерінің Астана келіссөздері үдерісінің жалғасында Сириядағы соңғы өзгерістер туралы пікір аламасатынын мәлімдеді. Песковтың айтуынша, Ресей Президенті Владимир Путин Сочи саммиті аясында Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоғанмен екіжақты кездесу өткізеді.

Алдағы саммит Сирияның солтүстігіндегі жағдай мен Идлиб пен Манбидж облыстарындағы жуырдағы әрекеттер туралы шешім қабылдауды көздейді.

Астана келіссөздері ИИР ұсынысы және Ресей мен Түркияның ынтымақтастығымен Сирияда бейбітшілік орнату мақсатында 2017 жылдың қаңтар айында басталды.