Трамп Иран туралы өтірігін қайталады
(last modified Wed, 06 Feb 2019 08:23:03 GMT )
Ақп 06, 2019 14:23 Asia/Almaty

АҚШ Президенті Конгресте сөйлеген сөзінде Иран халқына қарсы ең ауыр санкция салғанын айтты.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні АҚШ-ты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығару шешімі туралы айтқан сөзінде оны Иранның ядролық қаруға қол жеткізе алмайтынына сенімді болу үшін қабылдағаны туралы уәж айтты. АҚШ Президенті сондай-ақ, экономика саласындағы статистикаға қайшы уәж айтып, елінің экономикасының екі есе жылдамдықпен дамып келе жатқанын, жұмыссыздықтың өткен жарты ғасырдағы ең төмен деңгейіне жеткенін мәлімдеді.

Трамп АҚШ-тың Таяу Шығыстағы араласушылық әрекеттерінің нәтижесіз болғанын, аймақта 7 триллион доллар жұмсағанын мойындап, АҚШ-тың ең үлкен қиындығын Таяу Шығыс деп атады. Трамп сондай-ақ, Американың Орта қашықтықтағы ядролық күштер туралы келісімнен (INF) шығатынын ресми жариялады.