Венесуэлада АҚШ-қа қарсы "10 млн қол" жинау науқаны басталды
https://itolqyn.com/news/world-i41185-Венесуэлада_АҚШ_қа_қарсы_10_млн_қол_жинау_науқаны_басталды
Венесуэла Президенті Вашингтонның осы елдің ішкі ісіне араласуына қарсы "10 млн қол" жинау науқанының басталғанын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 07, 2019 21:08 Asia/Almaty
  • Венесуэлада АҚШ-қа қарсы

Венесуэла Президенті Вашингтонның осы елдің ішкі ісіне араласуына қарсы "10 млн қол" жинау науқанының басталғанын хабарлады.

TACC ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Венесуэла Президенті Николас Мадуро Twitter-дегі жеке парақшасында: "Венесуэлада бейбітшілік орнату үшін 10 млн қол жинаймыз",-деп жазды.

Мадуроның жазуы бойынша, АҚШ-тың Венесуэланың ішкі ісіне араласуына қарсы қол жинау науқаны Каракаста басталған.

АҚШ пен оның одақтастары Венесуэлаға санкция салып, оппозиционерлерді қолдау арқылы Вашингтонға қарсы ұстанымға ие осы елдің заңды үкіметін құлатуға күш салып жатыр.