Түркия мен Қазақстанның үкімет басшылары кездесті
Түркия мен Қазақстанның үкімет басшылары екі жақты кездесуде екі елдің ынтымақтастықтарын күшейтуге мүдделілік танытты.
ТАСС ақпарат агенттігінің Астанадан хабарлауынша, Түркия үкімет басшысы Ахмад Давудоғло Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен кездесуінде осы елді өзінің атажұрты деп атап, Анкара мен Астана байланыстары деңгейінің ұлғаюына үміт білдірді.
Түркияның Қазақстанмен қарым- қатынасы осы ел егемендігін алғаннан кейін ұлғайды.
Қазақстан мен Түркия қайраткерлері екі ел байланыстарының өткені мен екі ел халқы және басшыларының мүдделік танытатын салаларына сілтеме жасап, ынтымақтастықтың барлық саладағы байланыстар деңгейін күшейтуге үміт білдірді.
Екі елдің үкімет басшылары бірлескен отырыста екіжақты, аймақтық және халықаралық кейбір маңызды тақырыптар туралы пікір алмасты.