Иран Президенті Сочиге аттанады
https://itolqyn.com/news/world-i41242-Иран_Президенті_Сочиге_аттанады
ИИР Президенті 14 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путиннің ресми шақыруымен Иран, Ресей және Түркия Президенттерінің саммитіне қатысу үшін Сочиге аттанады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 13, 2019 14:08 Asia/Almaty
  • Иран Президенті Сочиге аттанады

ИИР Президенті 14 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путиннің ресми шақыруымен Иран, Ресей және Түркия Президенттерінің саммитіне қатысу үшін Сочиге аттанады.

Иран Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Президент кеңсесінің байланыс және ақпарат жөніндегі орынбасары Парвиз Исмаили: «Иран, Ресей және Түркия Президенттерінің төртінші бір күндік Сочи саммиті аймақтағы лаңкестікке қарсы ортақ күрес, Сирияға тыныштық пен босқындарын қайтару және саяси тұрақтылық орнату тақырыптарын қарастырады»,- деді. Бұл саммитте сондай-ақ, Астана үдерісі деген келіссөздердің нәтижелері, Сирияның егемендігі, сондай-ақ, бұл елді қайта құру кезіндегі ынтымақтастықтар қарастырылады.