Ресей, Иран мен Түркия басшылары Сочи отырысында қорытынды мәлімдеме жариялады
Ресей, Иран мен Түркия басшылары Сочи отырысының соңында Сирияда саяси үдерісті ілгерілетіп, сириялық босқындардың елге оралып, Сирияны қалпына келтіру үшін өзара әріптестікті нығайтуға әзір екендерін мәлімдеді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани, Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоған бейсенбі күні Сочи қаласында Сирия тақырыбында өткен төртінші отырыстың соңында ортақ мәлімдеме жариялап, БҰҰ жарғысы негізінде Сирияның егемендігі, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтауға табандылықтарын қуаттады.
Мәлімдемеде Сириядағы қазіргі майдан, әсіресе 2018 жылдың қыркүйек айында Теһранда өткен отырыстан кейінгі жағдай хабарланып, Ресей, Иран мен Түркияның конституциялық комитет құрып, жұмыс нұсқаулығын жасауға кеңес беруге дайын екендері айтылған.
Хасан Рухани, Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоған өкілдерінің 2019 жылдың сәуір айында Қазақстанның елордасы Астанада Сирия отырысын өткізуді өз міндеттеріне алатынын мәлімдеді.