Зариф: Иран тек өз халқына арқа сүйейді
(last modified Mon, 18 Feb 2019 07:08:01 GMT )
Ақп 18, 2019 13:08 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі INTEX жүйесін құруды ‎еуропалық үш мемлекеттің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын құтқару үшін берген міндеттемелерінен өте аз деп атады.

Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Мюнхенде қауіпсіздік тақырыбында өткен конференцияда сөйлеген сөзінде Иранның келісімге келгісі келетінін көрсеткенін қуаттап: «Иран өз қауіпсіздігі, тұрақтылығы және дамуына саласында ешкімге тәуелді емес, тек өз халқына арқа сүйейді»,- деді. Зариф Иранның әлемдік жетістіктердің, әсіресе «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының шығынын жалғыз төлей алмайтынын баса айтып: «Бұл салада Еуропа қаржы жұмсап, басқа бағытта қадам басуы керек»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ, Иран халқының Ислам революциясының қырық жылдығына арналған 22-ші баһман (11 ақпан) шерулерінің АҚШ-тың Батыс Азия аймағындағы үстемшілдік тірегін жойғанын баса айтып: «АҚШ-тың Иранға қарсы соғыс, санкциялар мен лаңкестік әрекеттер арқылы жасаған қырық жылғы қысымы біздің елдің халқын бағындыра алған жоқ»,- деп баса айтты.