АҚШ-тың әртүрлі қалаларының халқы Трамптың шешіміне қарсы шеруге шықты
(last modified Tue, 19 Feb 2019 09:51:11 GMT )
Ақп 19, 2019 15:51 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың әртүрлі қалаларының халқы Трамптың шешіміне қарсы шеруге шықты

АҚШ халқы елдің әртүрлі қалаларында Дональд Трамптың Мексика шекарасында дуал салу үшін төтенше жағдай жариялауын билікті теріс пайдалану санап, оған қарсы шеруге шықты.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ-тың қоғамдық белсенділері Вашингтон, Чикаго мен тағы басқа ондаған қалада дүйсенбі күні Трамптың елдің оңтүстік шекараларында төтенше жағдай жариялау шешіміне қарсы шеруге шықты.

Шерушілер «Трампты кетіріңдер!» және «Жалған төтенше жағдай!» деген ұрандар айтып, Трамптың бұл әрекетін билікті теріс пайдалану және Конргесті басып алу деп атады.

Трамп жұма күні Мексика шекарасында дуал салуға қатысты қоқан-лоққыларын іске асырып, Конгрестен айналып өту үшін АҚШ-та ұлттық төтенше жағдай жариялады.