Ресей ДАИШ-тың Ауғанстандағы құзырының артуына қатысты ескерту жасады
Ресей ДАИШ-тың Ауғанстандағы құзырының артуына қатысты сан рет ескерту жасап, ДАИШ лаңкестерінің Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымындағы (ҰҚШҰ) Ресейдің одақтастарына қарсы әрекеттерінің алдын алу үшін Тәжікстан мен Қырғызстандағы әскери базаларын күшейту шараларын ойластырып жатыр.
Мәскеудің жуырдағы ескертуінде Ресей Президентінің Таяу Шығыс істері жөніндегі арнайы өкілі Михаил Богданов 19 ақпанда өткен Валдай отырысында лаңкестердің Таяу Шығыстан Ауғанстанға көшіруіне алаңдаушылық білдіріп, ДАИШ лаңкестік тобының күн сайын бұл елдің аймақтарын өз бақылауына алуын арттыруын ескертіп: "ДАИШ-тың құзырының артуы – Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдер үшін шынайы қоқан-лоққы. ДАИШ лаңкестерінің Ирак пен Сириядан Ауғанстанға қалай жететіні белгісіз",- деді. Ол сөзінің жалғасында АҚШ-тың атын атамастан: "Біз батыстықтардан өздерінің геополитикалық мақсаттарына жету үшін лаңкестерді пайдаланбауды күтеміз",- деді. Ресейліктердің айтуы бойынша, АҚШ пен оның одақтастары Ауғанстанда өз мүдделері мен мақсаттарына жету үшін ДАИШ лаңкестеріне қару-жарақ және логистикалық көмек көрсету үшін жағдай жасап отыр. Бұл әрекет қауіп-қатерге себеп болатындықтан Мәскеу оны әшкерелеп, үдерісті жылдамырақ тоқтатқысы келеді. Мәскеу сондай-ақ, америкалықтар мен НАТО-ның басқа мүшелерінің ДАИШ лаңкестеріне әскери көмек көрсетіп жатқанын қуаттады. АҚШ-тың Ауғанстандағы ДАИШ тобын күшейту ұстанымы бойынша Американың аталмыш лаңкестік топқа қолдау көрсетуі, тіпті лаңкестерге Ауғанстанға еніп, орналасуына көмектесуі маңызды мәселеге айналды.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова бұл туралы: "Мәліметтер негізінде АҚШ пен НАТО күштерінің Ауғанстандағы ДАИШ лаңкестерін қолдап отырғанын айтуға болады. Бұл көмектерге лаңкестерді белгісіз тікұшақтармен көшіру және оларды қырып-жоятын әскери қарумен қамтамасыз ету кіреді",- деді. Мәскеудің көзқарасы бойынша, бұл мәселе Ауғанстандағы шетелдік әскери күштердің орналасуындағы шынайы мақсаттары туралы көптеген сұрақ тудырады. Сондай-ақ, ДАИШ лаңкестік тобының өз бақылауына алған аймақтардағы араласушылықтары мен әрекеттерінің артуы бұл топ лаңкестерінің Орталық Азия елдеріне өтіп, содан соң сол елдер арқылы Ресейге аттанып, бұл мемлекеттерді шынайы қауіп-қатерге тірейді деген алаңдаушылық тудырады.