АҚШ-тағы саяси топтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оралуды сұрады
https://itolqyn.com/news/world-i41327
АҚШ-тағы дипломатияны қолдайтын 50-ден астам саяси топ сәрсенбі күні ортақ мәлімдемеге қол қойып, АҚШ Конгресі өкілдерінен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен Вашингтонның осы келісімге қайта оралуын қолдауды сұрады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 21, 2019 18:05 Asia/Almaty
  • АҚШ-тағы саяси топтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оралуды сұрады

АҚШ-тағы дипломатияны қолдайтын 50-ден астам саяси топ сәрсенбі күні ортақ мәлімдемеге қол қойып, АҚШ Конгресі өкілдерінен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен Вашингтонның осы келісімге қайта оралуын қолдауды сұрады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, осы мәлімдемеге қол қойған топтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының орындалуына тосқауыл қойып, АҚШ-тың осы келісімге қайта оралуына кедергі болып отырған санкцияларға қарсылық білдірді.

Иранмен көбірек келіссөз жүргізуді қолдау да мәлімдеменің бір бабын құрады.

АҚШ-тың барлау қоғамының жоғары лауазымды басшылары осыдан бұрын ел Сенатында Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында белгіленген міндеттемелерін техникалық тұрғыдан толық орындап отырғанын мойындады.