Ресей Сириядағы лаңкестерге қарсы күрестегі Иранның әсерлі рөлін қуаттады
(last modified Wed, 27 Feb 2019 14:09:11 GMT )
Ақп 27, 2019 20:09 Asia/Almaty
  • Ресей Сириядағы лаңкестерге қарсы күрестегі Иранның әсерлі рөлін қуаттады

Сирия 2011 жылдан бері Батыс пен оның араб одақтастары тудырған бейберекеттік жағдай салдарынан дағдарыспен бетпе-бет келді. Бірте-бірте Сауд Арабиясы, АҚШ және одақтастарының қолдауына ие лаңкестік топтар аймақ теңгерімін Израильдің мүддесіне өзгерту үшін Сирияның әртүрлі аймақтарында елдің армиясымен қақтығыстарға енді.

Сирия үкіметі Ираннан лаңкестермен күресте Дамаскке көмектесуді сұрады. Сол себепті Иран Сирияның заңды үкіметінің лаңкестік топтарға қарсы күресіне көмектесу мақсатында Сирияға кеңесшілерін жіберіп, Сирия армиясының елдің әртүрлі аймақтарындағы лаңкестерге қарсы соғыста жеңіске жетуінде маңызды рөл атқарды. Сирияның азамат соғысы мен дағдарысы үдерісіндегі Иранның сындарлы рөлі батыстықтар мен олардың араб одақтастары және Израильдің ашуына себеп болды.

Ресей Дамаск үкіметінің лаңкестік топтарға қарсы күресіндегі келесі маңызды одақтасы ретінде бұл салада өзгеше пікір білдіріп, Сириядағы тәкфиршіл лаңкестерге қарсы күрестегі Иранның теріске шығаруға болмайтын рөлін сан рет қуаттады.

Бұл салада Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензя Сириядағы гуманитарлық жағдайға байланысты жиналған Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Ресейдің Иран және Түркиямен бірге лаңкестермен қарсыласу механизмін ұсынып отырғанын айтты. Бұл отырыс лаңкестердің соңғы базасы саналатын Сирияның солтүстік-шығысындағы Идлиб облысының жағдайын талқыға салу мақсатында өтті.

Батыстықтар, әсіресе америкалықтар Сирияда бейберекеттік бастала салысымен өз мақсатын Сирия үкіметін құлату деп жариялады. Бұл салада батыстық-араб коалициясы лаңкестік топтарды қолдап, үнемі Иранға қарсы үгіт-насихаттық шабуыл жасап,  Сириядан ирандық кеңесшңлерді шығару қажеттігін сұрады.

Бірақ, олардың талаптары Сирия үкіметі мен Башар Асадтың қатаң қарсылығымен бетпе-бет келді. Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары Фейсал Меқдад ирандық кеңесшілер мен Ливан Хизболласының ел үкіметінің лаңкестікпен күреске көмекке шақыруымен Сирияға келгенін баса айтты.

2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Ресей де Сирия үкіметін қолдап, лаңкестікпен күреске бел шеше кірісіп, ресейлік әуе күштері лаңкестердің базаларына шабуыл жасап, оларға көптеген шығын келтірді. Батыстықтар мен Израиль психологиялық соғыс және саяси кеңесулер арқылы Ресейдің Сириядағы Иранның қатысуына қатысты ұстанымын өзгертіп, Мәскеуді өзіне тартуға көп талпыныс жасады.

Бірақ, ресейліктер Сириядағы Иранның маңызды рөлінен хабардар болып, Сирияға қатысты әр шешім, соның ішінде, Идлиб облысының келешегі мен бұл аймақтағы лаңкестерге қарсы қандай шара қолдану керектігі туралы шешім қабылдау үшін Иранмен кеңесіп отыр.

 

 

Тегтер