Путин Сириядан шетелдік күштерді шығару туралы жоба ұсынды
(last modified Sat, 02 Mar 2019 11:02:47 GMT )
Нау 02, 2019 17:02 Asia/Almaty
  • Путин Сириядан шетелдік күштерді шығару туралы жоба ұсынды

РФ Президенті Путин халықаралық комитет құру арқылы Сириядан шетелдік күштерді шығаруға бағытталған жоба ұсынды.

Russia Today телеарнасының хабарлауы бойынша, Владимир Путин Идлиб пен Евфраттың шығысында лаңкестердің соңғы позицияларының жойылуына аз уақыт қалғанын қуаттап: «Бұл комитет Сирия үкіметі, сириялық оппозиционерлер мен аймақ елдер өкілдерінен тұрады. Лаңкестердің соңғы ошақтары жойылғаннан кейін осы комитет Сирияның жағдайын қалпына келтіруге талпыныс жасайды.

Жақын болашақта толығымен жойылатын кейбір лаңкестік ошақтардан басқа Сирияда тұрақтылық орнады»,-деді.

Путин, сондай-ақ, Сириядағы кез келген саяси үдерістің елдің ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын кепілдендіруі керек екенін қуаттады.  

 

 

Тегтер