АҚШ-тың экономикалық өсімі азайды
(last modified Sat, 02 Mar 2019 14:23:56 GMT )
Нау 02, 2019 20:23 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың экономикалық өсімі азайды

АҚШ-тың Сауда министрлігі өз есебінде елдің экономикалық өсімінің 2018 жылдың соңғы үш айында шамамен 2,6 пайыз болғанын, бұл көрсеткіштің шамамен 3,4 пайызды құраған үшінші кварталмен салыстырғанда төмендегенін хабарлады.

Associated Press ақпарат арнасының хабарлауы бойынша, 2018 жылдың соңғы кварталындағы АҚШ-тың экспорт көлемі сол жылдың үшінші кварталымен салыстырғанда азайған.

АҚШ-тың жалпы ішкі өнімі де 2018 жылы шамамен 2,9 пайызды қрады. АҚШ-тың Орталық банкі жалпы ішкі өнімнің 3 пайыз болатынын болжаған болатын.

Associated Press ақпарат арнасының хабарлауы бойынша, АҚШ-тың көптеген өнеркәсіптік көрсеткіштері 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында төмендей түсті. Бұл АҚШ-тың экономикалық өсімінің төмендеу үдерісі биылғы жылдың бастапқы 4 айында жалғаса беретінін көрсетеді.