Адам құқығы бойынша арнайы баяндамашының уәждері – Батыстың екіжүзділігі мен саяси өтірігінің дәлелі
Иран Сот органының адам құқығы штабы сенбі күнгі бір мәлімдемеде БҰҰ-ның Ирандағы адам құқығының жағдайы бойынша арнайы баяндамашысы Джавид Рахманның шындыққа жанаспайтын қате уәждерін айыптап, Джавид Рахманның әртүрлі ақпарат құралдарына, соның ішінде BВC-ге үсті-үстіне берген сұхбаттарын БҰҰ-на баяндамашысы үшін белгіленген шеңберді бұзу деп атады.
Бұл мәлімдемеде Иранға қатысты арнайы баяндамашы тағайындаудың заңды әрі қисынды негізі жоқ екендігі баса айтылып: «Адам құқығы бойынша жоғары комиссарлар Джавид Рахманды қатынас шеңберін бұзудан тыя алмаса, Иранның БҰҰ Адам құқығы кеңесімен осы баяндамашыға қатысты ауқымды әріптестігі қайта қаралатын болады»,-деді.
Бүгінде халықтар мен халықаралық қауымдастықтың қоғамдық пікірімен тығыз байланыстағы ең маңызды тақырыптардың бірі – адам құқығы.
БҰҰ Бас ассамблеясы құрылғанынан үш жыл өткен соң осы тақырыпқа көңіл аударып, әлемнің барлық халықтарының тең құқығы мен бостандықтарын кепілдендіру мақсатында 1948 жылдың 10 желтоқсанында Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын бекітті. Алайда, әлем елдерінің осы декларацияға қойған қолдарына қарамастан, қазіргі заманда адам құқығы саяси мақсаттарды ілгерілетудің құралына айналып отыр.
Адам құқығындағы екіқырлылықты сараптап, әлеуметтік әділет пен бейбітшілікті қолдайтын белсенді зерттеуші Роберт Фантина: «Адам құқығы жайлы сөйлегенде алдымен оның мағынасын біліп алуымыз керек. 48 ел, соның ішінде АҚШ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын бекітті. Бұл мәлімдемеде адам құқығының принциптері егжей-тегжейлі баяндалған. Оларды халықаралық деңгейде қолдау керек. Алайда, АҚШ тіпті, Батыс елдері тарапынан бекітілген осы декларацияны да ұстанбай отыр»,-деді.
АҚШ-тың күн сайын адам құқығын бұзуы және оның Израиль мен Сауд Арабиясы сияқты режимдерді қолдап, жақтасуы – адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтатын АҚШ тарихының бір бөлігі. Осы екіқырлылық әлем халықтарының халықаралық механизмдерге, соның ішінде адам құқығын кезеңдік талқылауға қатысты сенімін азайтып, олардың қажет жағдайда әсерлі болатынына күмән тудырды. Адам құқығы жағдайын талқылаудың кезеңдік механизмі барлық елдерде адам құқығы көрсеткіштерін жоғарылатуға көмектесу мақсатында құрылған болатын. Санаулы елге ғана арнайы баяндамашы тағайындау адам құқығы саласында таңдамалы әрі екіқырлы қатынастың жүргізілетінін көрсетті. Басқа сөзбен айтқанда, БҰҰ-ның мақтанышы саналатын Адам құқығы кеңесі жөнсіз шаралары арқылы іс жүзінде адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтатын кейбір Батыс елдерінің саяси құралына айналды.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи 2018 жылдың мамыр айының 23 күні барлық билік органдары басшылары және жауапты тұлғаларымен кездесуінде Клинтонның кезінде АҚШ-та Давуд ағымы мүшелерін өртеуге, Гуантанамо мен Ирактың Абугрейб түрмелері мен АҚШ-тың Ауғанстандағы бір түрмесінде тұтқындарды айуандықпен азаптауға, АҚШ-та қару-жарақ шығаратын компаниялардың мүдделерін сақтау үшін қару-жарақ сатуға еркіндік беруіне, АҚШ полициясының қара нәсілділермен айуандық қарым-қатынасына, АҚШ-тың ДАИШ-ты құру мен қолдаудағы әсерлі рөліне, сионистік режимнің халықты қырып-жоюына, соның ішінде жуырда Газада жасаған қылмыстарына көмектесуі мен саудиялықтардың Йемен халқын қырып, Бахрейн халқын басып-жаншуына көмектесіп, қолдау көрсетуіне тоқталып: «БҰҰ АҚШ режимінен тәуелсіз ұйым болса, осы істерді қатаң қадағалап, кемшіліктерінің орнын толтыруы тиіс»,-деп қуаттады.