Тәжікстан мен Қазақстан аптасына 32 рет рейс жасауға келісті
Тәжікстан мен Қазақстан ұлттық авиакомпанияларының өкілдері дүйсенбі күні екіжақты келіссөздердің нәтижесінде апта сайынғы қазіргі 18 рейсті 32 рейске жеткізуге келісті.
Иран Телерадио бірлестігі Шетелдік торабының тәжік тіліндегі "Хорасан даусы" радиосының мәліметіне сәйкес, келісім бойынша Тәжікстан мен Қазақстанның 4 авиакомпаниясы екіжақты рейстер санын 18-ден 32 рейске жеткізеді. Аталмыш келісімге сай Душанбе-Алматы арасындағы 6 рейстің орнына 12, Душанбе-Астана бағыты бойынша қазіргі 3 әуерейстің орнына 6 рейс жасалады. Сондай-ақ Душанбе, Ходжанд, Бахтар мен Куляб қалаларынан Астана, Алматы, Шымкент және Тараз қалалары арасында екіжақты әуе қатынасын орнату туралы жобалар қарастырылып жатыр.