Еуропа "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалатынын қуаттады
(last modified Wed, 06 Mar 2019 13:26:15 GMT )
Нау 06, 2019 19:26 Asia/Almaty
  • Еуропа

Ядролық мәселе туралы «"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы» деп аталған келісім халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік сақтау саласындағы өте маңызды келісім саналғанымен АҚШ бұл келісімге қысым жасауды көздеп, 2018 жылдың мамыр айының сегізі күні келісімнен шықты.

Вашингтонның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы ұстанымын «бестік» тобының мүшелері – Ресей мен Қытай және еуропалық мемлекеттер – Германия, Франция мен Британия қабылдамады. Осы салада Еуроодақ сейсенбі күні мәлімдеме жариялап, АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққанына өкініш білдірді.

Еуроодақ Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне табандылығын қуаттаған 14-ші есебінен кейінгі мәлімдемесінде: "Иран өзінің ядролық міндеттемелерін іске асыруды тоқтатқанға дейін Еуроодақ  «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында  қалады",- деп жариялады. Еуроодақ мәлімдемеде сондай-ақ, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табандылығы мен бұл келісімді үнемі қолдап келе жатқанын, халықаралық келісімді сақтап қалу саласында әлемдік қоғаммен ынтымақтастығын жалғастыруға дайын  екенін қуаттады. Еуроодақ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін күш салуы керек. АҚШ-пен бетпе-бет келмей, бұл маңызды келісімді сақтап қаламын деп ойлау – жүзеге аспайтын қиял. АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы тақырыпқа қысым көрсетуімен бірге Иранға талаптарын орындатқызғысы келеді. Бұл салада АҚХА-дегі АҚШ-тың өкілі Джеки Уолкотт сейсенбі күні Иранның аймақтағы белсенділігі туралы негізсіз айыптарын қайталап: "Вашингтонның алаңдаушылықтарын шешу үшін АҚШ Иранмен толық келісімге келуді көздейді. Бұл жаңа келісім Иранды саяси және экономикалық тұрғылардан халықаралық қоғаммен интеграциялайды",- деді. Оның айтуынша, Вашингтон "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығу арқылы осы халықаралық келісімді растаған №2231 қарарды бұзған жоқ. АҚШ басшылары, соның ішінде Дональд Трамп соңғы айларда Иранмен жаңа келісімге келуді көздеді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы америкалықтардың бұл сөздеріне реакция білдіріп: "Америкалық басшылардың жаңа келіссөздер мен жаңа келісім туралы сөздері құнсыз әрі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының күшін жою мен Иранға қарсы қысымдарды күшейту туралы Вашингтонның біржақты ұстанымдарына қайшы. Әлемнің басқа елдері бұл өте маңызды келісімді сақтап қалғысы келеді. Осы ретте Ресей АҚШ-ты Иранмен ынтымақтастық жасайтын елдерге қарсы бопсалау саясатын жүргізумен айыптады. Ресейліктердің пікірі бойынша, келісімнің экономикалық тұрғысына ауыр соққы жасалғанымен, Иран ядролық мәселеге қатысты бөлімдерін әлі іске асырып жатыр. Ресей Вашингтонның басқа елдердің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі растаған келісімдегі экономикалық міндеттемелеріне табандылық танытуына кедергі жасай алмайтынын қуаттады.