Санкцияларды жою – Иранның ядролық келісімінің маңызды бөлігі
(last modified Thu, 07 Mar 2019 11:38:16 GMT )
Нау 07, 2019 17:38 Asia/Almaty

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясы сәрсенбі күні Венада өткен 11-ші отырысының соңында мәлімдеме жасап, санкцияларды жоюдың Иранмен сауда-экономикалық қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге мүмкіндік беретінін, сондықтан оның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының маңызды бөлігі екенін айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясына мүше елдер осы мәлімдемеде оны барлық салалар бойынша толық орындауға міндеттеме алғандарын қуаттады.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясына мүше елдер: «Бұл бағдарлама – ядролық қару-жарақты таратпау саласындағы әлемдік құрылымның маңызды элементі және көпжақты дипломатияның маңызды жетістігі. Ол БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде №2231 қарар негізінде бірауыздан қабылданып, бекітілді»,-деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, мүше елдер нәтижелерге қол жеткізу үдерісін жылдамдату қажеттігін ескере отырып, INSTEX-ті әсерлі қаржы қатынасын жасауға арналған механизм ретінде тіркеп, халықаралық және еуропалық заңдар мен ережелерге сәйкес, Иранмен заңды сауда жасауды жеңілдету үшін Франция, Германия мен Ұлыбританияның осы механизмнің басты мүшелері болуын қолдады.