АҚШ уәждерін қайталады
https://itolqyn.com/news/world-i41466
АҚШ Иранды қайтадан зымырандық сынақтар жүргізіп және ғарышқа жерсерік жіберіп, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзды деп айыптады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 08, 2019 20:34 Asia/Almaty
  • АҚШ уәждерін қайталады

АҚШ Иранды қайтадан зымырандық сынақтар жүргізіп және ғарышқа жерсерік жіберіп, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзды деп айыптады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ-тың БҰҰ-дағы уақытша өкілі Джонатан Коэн бейсенбі күні Қауіпсіздік кеңесіне жазған хатында: «Иран зымырандық сынақтары және ғарышқа жерсерік жіберуі арқылы Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарарын бұзды.

Иранның ғарыш және зымырандық бағдарламалары Батыс Азия аймағын тұрақсыздандырады» деген уәж айтып,  Иранға қарсы қатаң халықаралық шектеулер енгізуді талап етті.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф   бұл уәжге реакция білдіріп: «Вашингтон қарарды өзі бұзып отырып, Иранды айыптайды»,- деді.