Иран мен Қазақстан бейбітшілік пен тұрақтылық салаларында ынтымақтастық жасауға ынта танытады
Иран Сыртқы істер министрінің Азия және Тынық мұхит елдері істері жөніндегі орынбасары: «Иран мен Қазақстан Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылық салаларында ынтымақтастық жасауға ынта танытады" деді.
Иран Сыртқы істер министрінің Азия және Тынық мұхит елдері істері жөніндегі орынбасары Ибрахим Рахимпур бүгін, дүйсенбі күні Қазақстан Президентінің Теһран сапарының алдында ИРНА-ға берген сұхбатында: «Орталық Азиядан алыс орналасқандарына қарамастан бұл аймақтың істеріне араласқысы келетін елдерге керісінше Ислам республикасы аймақта тыныштық пен қауіпсіздік орнату үшін ортақ ынтымақтастықтарды кеңейтуді мақсат етеді» деді.
Иран Сыртқы істер министрінің Азия және Тынық мұхит елдері істері жөніндегі орынбасары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осыдан бұрын Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жолын іске қосу үшін Иранға сапармен келгенін еске салып: "«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейінгі сапарлар бұрынғы сапарлардан өзгеше. Бұл сапарларда экономикалық мәселелерге көбірек көңіл бөлінеді. Иран мен Қазақстан екі елдің президенттері қол қоятын құжаттарды дайындады. Аталмыш құжаттар екі елдің экономикалық қарым-қатынастарын жақсартуға әсер етеді»,- деді.
Өткен күндері Иран мен Қазақстанның акционерлік өнеркәсіптік компанияларының экономикалық компанияларының отырыстарында шамамен 30 келісімге қол қойылды.