Ресей ФҚҚ директорының бірінші орынбасары Ауғанстанда ДАИШ ықпалының артқанын ескертті
https://itolqyn.com/news/world-i41567-Ресей_ФҚҚ_директорының_бірінші_орынбасары_Ауғанстанда_ДАИШ_ықпалының_артқанын_ескертті
Ресейдің Ұлттық қауіпсіздік қызметі ФҚҚ (ФСБ) директорының бірінші орынбасары Сергей Смирнов Ауғанстанда ДАИШ ықпалының артқанын ескертті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 18, 2019 16:07 Asia/Almaty
  • Ресей ФҚҚ директорының бірінші орынбасары Ауғанстанда ДАИШ ықпалының артқанын ескертті

Ресейдің Ұлттық қауіпсіздік қызметі ФҚҚ (ФСБ) директорының бірінші орынбасары Сергей Смирнов Ауғанстанда ДАИШ ықпалының артқанын ескертті.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сергей Смирнов ДАИШ лаңкестік тобының Ауғанстанда таралуы туралы: «Бұл топ Ауғанстанның солтүстігінде тұрақты орналасу үшін жаңа орталық ашуды ойластырып жатыр. ДАИШ лаңкестік тобының Ауғанстанның солтүстігіндегі жуырдағы әрекеттері алаңдаушылық тудырады.  Сондай-ақ, Ауғанстанның солтүстік шекараларындағы қарулы қақтығыстардың артуы жақын арада аймақ қауіпсіздігі үшін шынайы қоқан-лоққы болады»,- деді.