Наурыз мейрамы – жаңа әлем үшін серіктестіктің белгісі
(last modified Fri, 22 Mar 2019 13:09:02 GMT )
Нау 22, 2019 19:09 Asia/Almaty
  • Наурыз мейрамы – жаңа әлем үшін серіктестіктің белгісі

БҰҰ-дағы Өзбекстанның тұрақты өкілі Наурыз мейрамын жаңа әлем үшін серіктестіктің белгісі деп атап, Наурызды жаңа әлем мен жаңа бастаманың символы деп бағалады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Бахтиер Ибрагимов бейсенбі күні Наурыздың әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін жолдауы қандай деген сұраққа берген жауабында: «Наурыз – бейбітшіліктің тек аймақта ғана емес, бүкіл әлемде тұрақтануы үшін жақсы мұрсат»,- деді.  Ол Наурыз мейрамын тойлайтын елдердің бір-бірімен жақсы қарым-қатынасқа ие екендігіне тоқталып, Наурызды халықтардың дамуының көрінісі деп атады.

Наурызды тойлайтын елдер 1398 жылдың бірінші күні БҰҰ-да тағамдар фестивалін өткізді.