Адам құқығы жөніндегі арнайы репортердің Ирандағы мандаты созылды
Адам құқығы кеңесінде Ирандағы адам құқығы жөніндегі арнайы репортердің мандатын созатын қарардың бекітілуімен Батыстың Иранға қарсы уәждері тағы қайталанды.
БҰҰ-ның Женевадағы еуропалық орталығындағы Иранның тұрақты өкілі Исмаил Бақаи жұма күні Адам құқығы кеңесінде бекітілген қарарға реакция білдіріп, бұл шешімді қисынсыз әрі саяси деп атап, адам құқығын бұзу саласында ұзақ тарихы бар үкіметтерді, әсіресе қару-жарақ жіберу және лаңкестік пен экстремизмді белсенді қолдау арқылы Батыс Азия аймағын қиратқан үкіметтерді қарардың негізгі қолдаушылары деп атады. Қарарды қолдағандардың адам құқығы туралы уәждері құқық пен ахлақ негіздерінен кенде, өйткені бұл мемлекеттер одақтастарының Батыс Азия аймағындағы қылмыстарына немқұрайдылық танытып, АҚШ-тың Иран халқына қарсы заңсыз әрі адамзатқа қарсы санкцияларына үнсіздік танытып отыр. Адам құқығы туралы уәж айтушылар мұсылмандарды айыптап, тіл тигізіп, кемсітіп, екіжүзді әрекеттерімен Батыстағы мұсылмандарға қарсы лаңкестік әрекеттер мен зорлық-зомбылықтарға себеп болуда. Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы лаңкестік әрекет салдарынан 50-ден астам намазханның қаза болуы осындай ұстанымдардың салдары. Батыстың айыптаулары мен адам құқығы туралы заңсыз уәждері олардың балаларды өлтіретін режимдер мен нәсілшілдік пен кемсітушілікті қолдап отырған жағдайда айтылып отыр. Англияның зерттеушісі әрі қоғамтанушысы Роберт Бриффаулт: «Франция революциясы, Адам құқығы жарғысы мен АҚШ Конституциясында қарастырылған барлық адамдардың азаттығы, адамдардың бауырластығы мен теңдігі және тағы да басқа армандары Батыстың бастамалары емес. Бұл армандар туралы Ислам діні мен Құран Кәрімде айтылған. Бұл армандарды орта ғасырдың еуропалық ағартушылары бірнеше ғасыр бойы Испания мен Сицилия мұсылмандары және Крест соғыстары арқылы Исламнан алған»,- деген болатын.
Расында адам құқығы туралы жар салатын Батыс мемлекеттері адам құқықтарын әшкере түрде бұзып, арсыздықпен бұл тақырыпты әлем халықтарының тағдырына араласып, халықтарды алдап-арбап, өздерінің саяси, әскери және экономикалық мүдделеріне жету үшін пайдалануда. Олар дәл осы мақсаттарымен Иран үшін де арнайы репортер белгіледі. Олардың бұл әрекеті негізінде саяси мүдделеріне сай құқықтарын қолдау саласындағы ащы әжуа.