Сирияда 400 америкалық әскери қалады
https://itolqyn.com/news/world-i41647-Сирияда_400_америкалық_әскери_қалады
АҚШ-тың Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі дүйсенбі күні Сирияда 400 америкалық әскеридің қалатынын жариялады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 26, 2019 19:12 Asia/Almaty
  • Сирияда 400 америкалық әскери қалады

АҚШ-тың Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі дүйсенбі күні Сирияда 400 америкалық әскеридің қалатынын жариялады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Джеймс Джефри: «400 әскери екі аймақта, атап айтқанда Сирияның солтүстігі мен Сирия мен Ирак шекарасындағы АҚШ-тың әл-Тенф әскери базасында орналасады. Вашингтон Анкарамен Сирия шекарасы бойында қауіпсіз аймақ құру туралы келіссөз жүргізіп жатыр»,- деді.

Вашингтон мен Анкара Сирияның солтүстігіндегі қауіпсіз аймақтың әскери емес қарапайым халықты құтқарып, лаңкестік топтарды Түркия шекараларынан алыстату үшін құрылатынын мәлімдеді. Бірақ сарапшылардың пікіріне сәйкес, бұл аймақты құрудағы негізгі мақсат – лаңкестерді құтқару.