Зариф Twitter арқылы арабтарға "Трампқа қарсы бірігейік" деп үндеу тастады
https://itolqyn.com/news/world-i41682-Зариф_twitter_арқылы_арабтарға_Трампқа_қарсы_бірігейік_деп_үндеу_тастады
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ Президентінің Сирияның Голан жоталарына қатысты заңсыз шараларына реакциясында арабтарға бас иген сайын, АҚШ пен сионистік режимнің олардың жерлерін басып ала беретінін ескертті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 30, 2019 21:37 Asia/Almaty
  • Зариф Twitter арқылы арабтарға

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ Президентінің Сирияның Голан жоталарына қатысты заңсыз шараларына реакциясында арабтарға бас иген сайын, АҚШ пен сионистік режимнің олардың жерлерін басып ала беретінін ескертті.

Мұхаммад Джавад Зариф Twitter-дегі жеке парақшасында: "Өткен жылы басып алынған Құдс жайлы шешімін жариялағаннан кейін Трамптың Сирияның   Голан жотасына қатысты өктем шешімін жариялауы – араб және мұсылман халықтарына жасалған ескерту»,-деп жазды.

Мұхаммад Джавад Зариф  Twitter-дегі хабарламасының соңында арабтар мен мұсылмандарға "Келіңіздер, бірігейік" деп жазды.

АҚШ Президенті 2019 жылдың 25 наурызында халықаралық ережелер мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарарын ашық түрде бұзатын шарада Вашингтонның сионистік режимнің Сирияға тиесілі Голан жоталарына иелік ететінін ресми түрде танығаны туралы үкімге қол қойды.

Әлемдік деңгейде айыпталған АҚШ-тың бұл біржақты шарасы Вашингтонды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде тағы да оқшауландырды. Қауіпсіздік кеңесінің 14 мүшесі жуырда Дональд Трамптың Израиль режимінің Сирияға тиесілі Голан жоталарына иелік ететінін ресми түрде тану туралы шешіміне қарсылық білдірді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №242 және №497 қарарлары бойынша Голан өңірі араб жері және Сирияға тиесілі саналады.  1981 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде бекітілген №497 қарар бойынша бұл кеңес мүшелерінің көбі, соның ішінде  АҚШ оған дауыс берді. Бұл қарар сионистік режимнің Сирияның Голан жоталары туралы шешімі мен шараларын кесімді түрде теріске шығарады.

Трамптың сионистік режимнің Голан жоталарындағы басқыншылықтарына заңдылық беруге талпынуы кейбір араб елдерінің АҚШ-қа бой ұсынып, баж төлеуінен туындап отыр. Трамп Ақ үйге келгеннен кейін бұл жағдай шарықтау шегіне жетті. Трамп 2017 жылдың желтоқсан айында АҚШ елшілігін Тель-Авивтен басып алынған Құдсқа көшіретінін жариялап, 2018 жылдың 14 мамырында бұл шешімді орындады.

Қазір таңда АҚШ Президентінің Сирияның Голан жоталарына қарсы шарасы "Ғасыр мәмілесі" жобасы аясында, Израильмен бітім жасауға бейім арабтар, соның ішінде  Сауд Арабиясы, БАӘ мен Бахрейннің саясаты аясында орындалып жатыр. Трамптың Сирияның Голан жоталарына қатысты даулы үкімі шыққан кезде БАӘ Сыртқы істер министрі Анвар Каркаш: "Бірнеше жыл бұрын арабтар Израильмен тікелей байланыстан бас тартуға шешім қабылдады, алайда бүгінде бұл шешімнің толығымен қате болғаны айқындалды",-деді.

Кейбір араб мемлекеттерінің АҚШ-қа бас ұрып, Дональд Трамп тарапынан сиырша сауылып отырғанына қарамастан, АҚШ сионистік режимге бұрыннан бетер жақтасып отыр. АҚШ-тың қолдауы мен жақтасуы себебінен Батыс Азия аймағындағы ең маңызды өңірлердің бірі саналатын Голан жоталарының бір бөлігі әлі күнге дейін сионистердің қол астында.  

Саяси сарапшы Мокрам Мұхаммад Ахмад сәрсенбі күні "Месри әл-Ахрам" сайтында: "Трамптың Сирияның Голан жоталарына қарсы шешімі АҚШ-тың қазіргі үкіметінің арабтарға теріс ниетпен қарайтынын көрсетті. Бұл жақын болашақта Батыс Азия аймағы үшін бұдан да зор қатерлердің туындайтынын аңғартып отыр. Бұл жағдай араб елдерінің бірлесуін және өз-өздеріне ғана арқа сүйеуін қажет етеді",-деп жазды.

АҚШ Президенті Батыс Азия аймағындағы мәселелерге қатынасында арабтардың құқығына нұқсан келтіру мақсатында Израиль режиміне толық жақтасып отыр. Трамп үкіметінің 2017 жылдың желтоқсан айынан бүгінге дейінгі әрекеттері арабтар мен мұсылмандардың мүдделеріне қайшы болып келді. Кейбір араб елдерінің АҚШ елшілігінің Тель-Авивтен Құдсқа көшірілуіне немқұрайлы қарауы АҚШ-тың қазіргі үкіметін Сирияның Голан жоталарына қарсы өздігінен шешім қабылдап, қатерлірек қадам жасауға ынталандырды.

Трамп үкіметінің бұл қатынасы ешбір араб елінің мүддесіне сай келмейді. Сионистік режимнің қауіпсіздігін сақтау мақсатында араб елдерін әлсірету –  АҚШ-тың кесімді саясаты. Осындай жағдайда арабтар мен мұсылмандардың  өз заңды құқықтарын қорғау үшін бірігуі мен тілеулестігі  Израиль мен АҚШ тарапынан араб жерлерінің басып алынуының жалғасуына  қарсы жалғыз жол болып табылады.