Зариф АҚШ Мемлекеттік хатшысының уәждеріне жауап берді
(last modified Wed, 03 Apr 2019 12:45:18 GMT )
Сәу 03, 2019 18:45 Asia/Almaty
  • Зариф АҚШ Мемлекеттік хатшысының уәждеріне жауап берді

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранда селге ұшырағандарға көмектесу туралы уәждеріне жауап берді.

Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні кешке Twitter-дегі жеке парақшасында  АҚШ Мемлекеттік хатшысының уәждерін жалған деп атап: "Қызыл Крест халықаралық комитеті жариялағандай, Иранның Қызыл жарты ай ұйымы АҚШ-тың заңсыз санкциялары салдарынан қаржылай көмек ала алмай отыр. АҚШ экономикалық террор жасап отырғанын мойындауы керек",-деп жазды.

Бұдан бұрын АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бір жалған мәлімдемеде АҚШ-тың Қызыл Крест халықаралық федерациясына көмектесуге әзірлігін жариялаған болатын. Бұл федерация – Иранның Қызыл жарты ай ұйымы арқылы қаражатты зардап шеккендерге жеткізетін ұйым.