Германияның гуманитарлық көмек тиелген ұшағы Теһран әуежайына қонды
Сәу 05, 2019 18:59 Asia/Almaty
Ирандағы Германия елшісі өз елінің гуманитарлық көмек тиелген ұшағының Теһранға келіп қонғанын хабарлады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Михаэль Клор-Берхтольд Твиттердегі парақшасында: «Ирандағы селден зардап шеккендер үшін қажет гуманитарлық көмек тиелген ұшақ Берлиннен ұшып шығып, Теһран әуежайына қонды. Германияның Қызыл крест ұйымы Иранның Қызыл жарты ай ұйымына 40 қайық пен қауіпсіздік жабдықтарын жөнелтті»,- деп жазды.