Трамп "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қауіпті келісім деп атады
(last modified Sun, 07 Apr 2019 12:35:56 GMT )
Сәу 07, 2019 18:35 Asia/Almaty
  • Трамп

АҚШ Президенті сенбі күні кешке ИИР-на қарсы негізсіз уәждерін қайталап, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қауіпті келісім деп атады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дональд Трамп "Республикашыл еврейлердің коалициясы" деп аталатын топтың жылдық басқосуында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанын АҚШ үшін жетістік деп атап, Вашингтонды өз тарихындағы ең қауіпті әрі біржақты келісімнен шығарғаны туралы уәж айтты.

АҚШ Президенті Иранға қарсы ең ауыр санкциялар салғанын айтып: "Вашингтонның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығып, санкцияларды қайтаруы Иранның қатынасының өзгеруіне себеп болды. ИИР енді бұрынғы ел емес",-деді.

ИИР басшылары аймақтағы ықпалды, тұрақтылық тудырушы әрі мықты ел ретінде әрдайым өтініш жасалған жағдайда жапа шеккендер мен дағдарыс және лаңкестікпен күресіп жатқан елдерге көмектесуге асығатынын, осы ұстанымынан бір сәтке кері шегінбейтінін жариялаған жағдайда  Трамп Иранның аймақтағы белсенділіктерінің бәсеңдегені туралы күлкілі сөз айтып отыр.